БӘЛЕ МЕ, ЖАЗА МА?

02 тамыз 2024 1278 0
Оқу режимі

Әзіреті Әлиден (р.а.):

– Басымызға келгендер сынақ па, жаза ма? – деп сұрапты.

Сонда Әли:

– Егер Жаратқанға жақындатса – сынақ, ал Алладан алыстатса – бәле, – деп жауап беріпті.

Демек, адамның басына келетін проблемалардың сипаты адамның қабылдауына қарай өзгереді екен. Қабылдауының түрі де адамның сипатын өзгертеді екен.

Имам Ғазали проблеманы үш түрлі қабылдайтын адамның үш типін айтады.

1. Проблеманы “жаза” деп қабылдайтындар. Бұндай типтегі адамдарда екіжүзділіктің белгісі бар. Былайша айтқанда, “Құдай-ау, не жаздым саған?!” – деп Құдайдың өзін кінәлап шығатындар.

2. Проблеманы “күнәларымның кешірімі” деп қабылдайтындар. Мұндайлар мүминдік сипаттағы жандар.

3. Проблеманы “рухани асқақтауға жетелейтін баспалдақ” деп қабылдайтындар. Бұлар – Алланың хас құлдары деген сөз.

Ендеше, проблеманың өзін дұрыс қабылдау – құлдықтың сипаты мен сапасына әсер етеді екен. Сондықтан да, жыланның басына ақ құйып шығарғаныңдай, проблеманы да көркем қарсы алуың – тақуалығыңнан.

 

Saltan Sayranuly Saken

 

Пікірлер Кіру