АЙТ НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ?

09 сәуір 2024 2744 0
Оқу режимі

Айт намазы айт күні таңертең оқылатын екі рәкағаттық намаз.  Бұл намаздың екі рағатында үш рет алынатын тәкбірлерді «зауаид тәкбірлер» деп атайды.

Уәжіб болған бұл тәкбірлер бірінші қырағаттан бұрын, екінші рәкағатта қырағаттан кейін алынады. Айт намазы былай оқылады: «Ниет еттім, Алла разылығы үшін ат намазын оқуға, ұйыдым имамға, Аллаһу Акбар!» деп имаммен бірге тәкбір алады.

Сонан соң «сүбханәкадан» кейін имам дауыстап, жамағат бәсең дауыспен «Аллаһу акбар» деп қолын құлаққа дейін көтеріп, екі жанына төмен түсіреді.

Осылайша үшінші тәкбір алынғанда қолын байлайды. Имам дауыстап Фатиха, зам сүре (бір сүре немесе ең аз үш аят) оқиды, жамағат тыңдайды. Рүкі мен сәждеден соң екінші ракағатқа тұрады. Екінші ракағатта имам Фатиха, зам сүре оқиды.

Сонан соң үш рет тәкбір алып, қолын жанына түсіреді, төртінші тәкбірде рүкіге барып, ары қарай намазды бітіреді. Құтба жұмада намаздан бұрын болса, айт намазында намаздан соң оқылады. Құтба тәкбірмен басталады, жамағат та ақырын дауыспен қайталап отырады.

Айт кешінде не жасалады?

Айт кешінде мүмкін болса, әнбиа хатымы, истиғфар хатымы жасалып, тәспих намазы оқылады. (истиғфар хатымы: 1001 рет «Астағфируллаһал азим уа атуубу илаийк» оқу)

Пікірлер Кіру