ӘЙГІЛІ ҮШ БИ ТУРАЛЫ

17 ақпан 2025 284 0
Оқу режимі

Әйтеке - бауыздап, Қазыбек- іреп, Төле- мүшелеп берер.

Әйтеке - жарып, Қазыбек - қазып, Төле - тауып айтар.

 

Төле бидің үш жүздің ата қонысы бабаларының ұйғарымын айтқаны:

-Отырсың ғой екеуің де ағалап,

Қоныстансын Ұлы жүз Алатауды жағалап,

Сары- Арқаның кең даласы,

Орта жүздің жері болсын.

Айтқаным болсын саралап,

 Еділ, Жайық екі өзен

Атырау мен Аралды

 Кіші інім, батырым қоныстынсын

Дария теңізді сағалап- депті.

Үш жүздің басы қосылған бір жиында үш би билікке таласыпты.

ТӨЛЕ БИ: "Ұлы жүз- жолым үлкен, жасымда үлкен, билік айту жолы менікі"- депті.

ӘЙТЕКЕ БИ: "Кіші жүз - мен, үлкен үйдегі шаңырақ егесімін, жасым кіші болғанмен жолым үлкен, билік айту жол менікі"- депті.

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ:

"Жасы үлкен би әділ төреші бола алмайды.

 Өйткені алдыңда қамығары жоқ.

 Жасы кіші де әділ төреші бола  алмайды.

Өйткені артыңда қайрылары жоқ.

 Әділдік билік төрелік- менің жолым. Өйткені, жаңылсам алдымда ақылшым, артымда мақұлшым бар түзететін. Және де бабаларымыз билікті менің еншіме берген"- депті.

Ұлы жүзді - қауға беріп,қойға қой,

Орта жүзді- қамшы беріп дауға қой.

Кіші жүзді-найза беріп жауға қой,- деген деп дәлелді уәж сөзбен дәлелдеп, билікті Қазбек айтқан  айтқан екен,- дейді.

Қосымша түсінік: Бұрынғы кезде қалам алып, шешім шығаратын сауаттылық болмаған кезде, қамшыны қойып билік айтқан. Орыстандыру кезінде қол қойғанда бармағын басқан.

Райхан МАТАЕВА

 

 

Пікірлер Кіру