Аралар да мас бола ма?

22 ақпан 2019 7728 0
Оқу режимі

Бал арасы арақ ішіп, мас болып және сол үшін жазаланады дегенді естіп пе едіңіз?! Жаратқан Алла қандай да бір кемшіліктен пәк. Әркүні ғалымдар араның жүріс-тұрысын зерттеп отырып, жаңалықтар ашып, араларға осы тәртіпті кім үйретті деп таң қалумен келеді. Бұл нәрсеге тек қана Алланың айтқан мына сөздерін оқығаннан басқа шарамыз жоқ: «...Раббыңның сен үшін оңайлыстырған (яғни, жеңілдетіп қойған ұяңа жеткізетін) жолдарына түс»,[1] – деп аян берді.

Араның бойында болатын ғажайыптарының ерекше бір құбылысын ғалымдар «араның арақ ішуі» деп атайды екен. Кейбір аралар омартаға нәр жинау сапарында кейбір табиғаттағы  жемістер піскеннен кейін ашып, быжығанда пайда болған этанол (ethanol) сияқты есірткі заттарының бір бөлігін тілімен жалап көреміз деп, «мас» болатыны анықталды. Кәдімгі адам секілді мас болдыратын бұл есірткі заттардың әсері 48 сағатқа дейін созылатын көрінеді.

Мас қылатын заттарды қабылдағаннан кейінгі арадағы бұл құбылыс – адамның ішімдік қабылдағандағы құбылысындай болады.

Ғалымдар: «Бұл мас болған аралар дұшпанға айналып, зиянды болады. Себебі, оның әкелген есірткі заттары омартадағы балды бұзып, оның улануына әкеледі», – дейді.

Алайда, Алла Тағала балды Құранда «шипа» деп сипаттайды:
«Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады»[2].

Бұл балдың зиянсыз болып қалуы үшін және ешқандай бір улы зат араласпауы үшін Алла Тағала не дайындап қойды? Отыз жыл бойы ғалымдар араның жүріс-тұрысын бақылауға алып, әрбір араның омартасында «дабылмен жабдықталған» аралар бар екенін анықтады. Олар мас болған араның иісін сезіп, онымен күресіп, оны омартадан қашықтатады. Бұл мас болған ара басқа қорғаушы аралар тарапынан да соққыға жығылып, омартадан қуылады.
Мас қылатын заттарды қабылдаған бұл ара ешқандай беделсіз болып қалады.
Егер де сол ара мастығынан айықса, омартаға кіруіне бірден рұқсат беріледі және оның өзі бұл арадан улы заттардың әсері анық кеткеніне сенімді болғаннан кейін ғана болады екен.

Шындығында, күзетші аралар мас болған араның қайтадан мас қылатын нәрсе әкелуінен тыю үшін аяқтарын да сындырып тастайды.
Құран Кәрімде:

«Мұса оған: Біздің Раббымыз барлық нәрсені жоқтан жаратқан, содан кейін бәрін де жаратылыс мақсатына қарай өз жолына салған ұлы Жаратқан, - деп жауап берді»,[3] –делінген. Сондықтан, «аралар мемлекетіне» таным мен білім, басқару жүйесін берген Ұлық Алла барлық кемшіліктерден пәк дейміз.

Аударған: Қуат Қабдолда


[1] «Нахыл» сүресі, 69-аят.
[2] «Нахыл» сүресі, 69-аят.
[3] «Таха» сүресі, 50-аят.
 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру