АҚИДА

09 қазан 2023 2693 0
Оқу режимі

«Ақида» сөзін тілдік тұрғыдан қарастыратын болсақ «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір жерге жинау», «топтау» мағынасын береді. Көпше түрі «ақайд».

Ал ислами түсінік тұрғысынан алғанда дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді.

Ақида ұғымы сенім жүйесі ретінде қолданылуымен бірге, белгілі бір мәзһабтың немесе бір мәзһабты құрған имамның иман негіздеріне қатысты айтқан пікірлері мен түсінігін білдіру үшін де қолданылады. Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерттейтін ғылымды «кәлам» десе, тікелей сенімге байланысты айтқанда «итиқад» термині қолданылады. Сол секілді ақиданы да, көп жағдайда иман негіздері деп айтуымызға әбден болады. Яғни, бұл иман негіздеріне «әмәнту билләһ» дейміз.

Әмәнту: «Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлоһи тағала уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду әнлә иләһә иллоллоһуу әәшһәдуәннә Мухаммадан абдуһууә расулуһу»болып айтылады.

Мағынасы: «МенАллаға, Оныңперіштелеріне, кітаптарына,пайғамбарларына, ақыреткүніне, тағдырға,жақсылықпенжамандықтыңАлланныңжаратуыменболатындығынаиманеттім.Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ.  Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ,  Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)  Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін». 

Ислам ақидасы Құран мен хадис үкімдеріне сүйенгендіктен, кейбір сенімдердегідей «көзіңді жұм да, артымнан ер» деген шолақ түсініктен аулақ. Ислам ақидасы адамзатқа иман негіздерін түсіндіргенде кез-келген мәселені анық дәлелдермен келтіреді. Мысалы, Құранда Алланың бар және бір екендігімен қоса, кәміл сипаттарын жеке-жеке түсіндіретін тұстары кездеседі. Сол секілді әлемнің жаратылысы, адамның жаратылысы және тарихта болған кейбір оқиғалар да келтірілген. Сондай-ақ, Құран Кәрімде өлгеннен кейін қайта тірілу мәселесі адамның алғаш жаратылысымен барабар, һәм аспан мен жердің қалай жаратылғандығына теңей отырып нақты дәлелдермен түсіндіріледі.

 

 

 

Пікірлер Кіру