АЛЛА ТАҒАЛА МЫНА АДАМДАРДЫ ЖАҚСЫ КӨРМЕЙДІ

07 қараша 2023 2330 0
Оқу режимі

Тіпті бізді Алланың разылығын алуға итермелейтін игі ынтамыз бен үмітіміз бола тұра, біздің мақсатымыздан алыстатар сипаттарымыз бар. Игі амалдар жасаумен байланысты осы сипаттар біздің жүректерімізді қарайтып, иманымызды әлсіретеді. Өзімізді осы тұңғиықтардан қалай қорғауға болады? Алдымен Құранда келтірілген солардың бірнешеуімен танысайық:

1.Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар» де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла ҚАРСЫ БОЛУШЫЛАРДЫ  сүймейді» (3:32)

2. «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен Алла Тағала ШЕКТЕН ШЫҒУШЫЛАРДЫ  жақсы көрмейді» (2: 190)

3. «Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла БҰЗАҚЫЛАРДЫ жақсы көрмейді» (5:64)

4. «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, ЗАЛЫМДАРДЫ  жақсы көрмейді»  (42:40)

5. «Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, ТӘКАППАР, МАҚТАНШАҚТЫ  жақсы көрмейді» (4:36)

6. «Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, ҚАРАЛЫҚШЫЛ КҮНӘКАРДЫ жақсы көрмейді» (4:107)

7. Алла Тағала ЖАМАН СӨЗДІҢ ЖАРИЯЛАНЫП СӨЙЛЕНУІН  жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі» (4:148)

8. «Әй, адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ЫСЫРАП ЕТУШІЛЕРДІ сүймейді» (7:31)

9. «Рас Қарұн, Мұсаның (а.с)  елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ, оған кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: “Елірме! Расында Алла, ЕЛІРГЕНДЕРДІжақсы көрмейді” деді» (28:76)

 

Пікірлер Кіру