АЛЛА ҚАНДАЙ ҚҰЛДАРЫН СҮЙЕДІ?

08 қараша 2023 2886 0
Оқу режимі

Алла Тағала байлықты сүйген де, сүймеген де құлына береді. Ал иманды тек сүйген құлына ғана береді. Егер сіз исламнан бақыт тауып, парыздарыңызды түгелдеп жүрсеңіз – өз бойымда Алла сүйген құлдың бір сипаты бар деп есептей беріңіз. Ғұламалар бұл бақытты жанның тағы да бірнеше сипатын көрсетеді:

1. Алла сүйген құлын дүниеге беріліп кетуден қорғап тұрады.

2. Құлын көркем түрде басқарады. Оны хақ жолға бастайды, тура істерге жетектейді. Ақылын нұрландырып, тілін зікірмен толтырып, дене мүшелерін өзі сүйген амалдармен шұғылдандырып қояды. Осының арқасында пенде Аллаға жақындататын әрбір нәрседен ұстанып, оның ашуына тиетін барлық істен алыс болады. Алла оның ішкі және сыртқы дүниесін дұрыстап, бекем етіп қояды.

3. Бұл адам басқалармен қарым-қатынаста сыпайы әрі жұмсақ келеді. Әр істі қиындатпай, оңай жолмен атқарады. Алла Тағала бұл пендесіне жердің бетін жайдарлы етіп қояды. Яғни, адамдардың көңілі соған бұрылып, мақтаулар айтып, ілтипат білдіріп жатады.

5. Сынаққа ұшырайды. Ақиқатында, Алла бір қауымды сүйсе, сынақ жібереді. Сондай-ақ, Алла Тағала: «Біліңдер! Ақиқатында, Аллаға жақын болғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды. Олар – иманға келген және тақуалық еткендер» («Йунус» сүресі, 62-аят) деген. Яғни, Алланың сүйікті құлы кез келген сынақты күліп қарсы алады.

6. Алланың сүйіктісі болған құл ізгі амал үстінде жан тапсырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер Құдіретті Аллам бір құлына жақсылықты қаласа, оны адамдар арасында мақтау сөздермен естетіп қояды. «Оның бұлай естетілу себебі неде?» деп сұраған адамға: «Алла оған өлер алдында бір ізгі амалды нәсіп етеді. Оның жанын сол амал үстінде алады» деп айтқан.

    Сүю, сүйікті болу бақытын, бұл сезімдердің ұлы жемісін әрбір адамға тілегіміз келеді.

 

 

Пікірлер Кіру