AХЛАҚТАРЫҢДЫ КӨРКЕЙТІҢДЕР

27 қараша 2023 2102 0
Оқу режимі

Имам Газали (рah.) айтқан: Кейбіреулер адамның мінезі, ахлақы өзгермейді дегеннен танбаған. Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Aхлақтарыңды көркейтіңдер” деген. Eгер мінез-құлық өзгермейтін болса, aхлақты көркейтуге қатысты хадистің, уағыздардың тәшуик пен тәухидтердің не пайдасы бар? Адам ақылмен әрекет еткен жағдайда мінезінің әдемі бола түсетінін қалай жоққа шығаруға болады? Шынында ақыл-пікірі жоқ жан-жануарды да жабайы күйінен қолға үйретіп, тәрбиелеп орынды әрекет етуге дағдыландыруға болады ғой. Бұл мінездің өзгеретініне нақты мысал.

Имам Шафиғи рахимәхуллаһ айтқан: “Aлланың жаратқандары екі түрлі: бірінде жаратылысына сай, біздің араласуға мүмкіндігіміз жоқ. Көктер, жұлдыздар тәрізді. Бойымыздағы негізгі ағзалар да солай. Ал екіншісі, сол ағзалар үшін жаралған және күш пен қабілет ретінде соған берілген нәрселер, бұлар тәрбие қағидалары ұстанғанда кейін кемелденеді, толысады.

Мінез-қылық соның ыңғайына қарай амал жасап, сол сезіммен істелген амалдың жақсы екеніне сенген сайын күшейе түседі. Мәселен, жомарттықты бойына сіңген мінез ретінде орнықтырғысы келген адам мал-мүлкінен жиірек садақа бере келе сондай мінезге ие болады. Бұл көркем сөз жазғысы келген адамның жайы секілді, әдепкіде бұл оған қиынға тиеді, алайда үзбей еңбенген сайын, ол қалыпты дағдыға айналады, қиналмай қалам тартуды үйренеді”.

Хадисте “Қайыр қол үзбей жасауға лайық әдет” дейді. Яғни адам иманға сай істеп, әрдайым тақуалықтан айырылмаса, қайыр мен жақсылық оның көкірегіне, жүрегіне мықтап тамыр жаяды, oның әдет, дағдысына, табиғи күй, қалпына, бітім-болмысына айналады. Ол үшін жаман әдеті бар адам әуелі ішіне тамыр салған жамандық жасау дағдысынан арылуға тиіс. Екіншіден, нәпсіні оған кесел болған мінезге кереғар бағытта тәрбиелеу қажет. Сараңдық дертін жомарттықпен емдеген тәрізді.

Aхлақты көркейтудің ең оңай жолы болса, жақсы мінезді сіңіріп, жаманынан тазаруда жетекші болар біреуге, кемел мүршидтің қол астына кіру.

Пікірлер Кіру