ӘКЕМ ТІРІ, АҒАМ ІРІ БОЛДЫ
25 қыркүйек 2023
3137
0
Оқу режимі
Шоңға сәлем берем деп Байдалыньің бір жас баласы келіпті.
- Қай баласың? — дейді Шоң.
— Байдалының баласымын,— дейді бала.
— Байдалының мен көрмеген қай баласысың?
— Жалға жүріп бұланбаған баласымын,
Топқа түсіп сыналмаған баласымын.
Әкем тірі болды, ағам ірі болды,
Сондықтан билік құра алмаған баласымын,— дейді.
Сонда Шоң балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады» деген осы екен- ау»,— депті.
Пікірлер
Кіру