ӘДЕП – АТАДАН

21 ақпан 2023 4240 0
Оқу режимі

Уәлид ибн Нумайр ибн Әустен жеткен бір сөзде әкесінің: «Әділ – Алладан, әдеп – атадан» деуші еді», – дегенін естігенін айтады.

Ойлап қарасаңыз жай айтылған бір ауыз сөз болғанымен, айтар ойы бөлек. Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болған бала тәрбиесендегі кейбір жайттардан ой қозғап тұрғандай. Яғни, баланың кім болатыны анық Алланың қалауымен болса да, оның әдеп-ғұрпында ата-ананың рөлі зор. Алла Тағала бұл міндетті ата-анаға жүктеп, оны орындауды талап еткен.    

Дүниедегі барлық процесстерді себеп-салдарлық заңға негіздеген Алла Тағала бала тәрбиесіне оның өмірге келуіне себепкер болған ата-анасын себепші етті. Әділдік сынды үлкен рухани танымы Алланың жаратуымен болса да, әдеп, тәрбие мәселесінде ата-ананың белгілі қадамдар жасауы керектігі аңғарылады. Ол жолда да іздену, білім алу керек екенін жақсы білсек керек. Себебі, Алла әу баста-ақ адам баласының дамуын білімге тәуелді етті.

Сондықтан әрбір ата-ана баласының білімі хақ жолға сай болуы үшін барлық шараны қолданғаны абзал. «Әділ – Алладан, әдеп – атадан» деген сөзді толық түсіну үшін аз-кем түсіндіріп көрелік. «Әділ» адамның адамгершілік қасиеттерінің бірі, яғни оның жаратылысының бастапқы табиғатында бар қасиеттердің бірі.

Ғалымдар: «Әділ – жаратылыстағы бастапқы ұйытқы, ал жақсылықпен жалғасатын болса, нағыз қасиетке айналады», – деген. «Әділ – Алладан» деуі де сондықтан.  «Адаб» сөзінің түпкі мағынасы «шақыру» дегенді білдіреді. Сондықтан ас әзірлеп, соған шақыруды арабтарда «мадабатун» дейді.   Кейінірек бұл сөз оқыту үшін қолданыла бастады. Біреу баласына мінез-құлық үйретсе, «баласын үйретті» деген.

Расында да, жанды сыпайылыққа, сүйкімділікке шақыратын, табиғатты көркейтетін ең жақсы фактор – тәрбие.  Біреуді істеген қателігі үшін жазалау да «жазалау» деп аталады. Өйткені мұндай жаза оны әдеп ақиқатына шақырады.

 Аудармада тыңдаушы мен оқырманға күшті әсер қалдыратын, ішіндегісін қайталауға талпыныс рухын қалдыратын әдемі сөзді «адаб» деп те атайды. Оны көпше түрде, «әдебиет» түрінде қолданатын әдетіміз бар.  Әдебиетпен айналысатын адамды «әдебиетші» деп атайды, өйткені ол өз шығармашылығымен адамдарды жақсылыққа шақырады, жақсылыққа шақырады, жамандықтан қайтарады.  Бұл хадистегі әдептің мақсаты – адамның бір ізгі қасиеттерге жету үшін жасаған мақтауға тұрарлық әрекеті. Ол – жақсы адамгершілікке, басқаша айтқанда, мақтауға тұрарлық сөздер мен істерді жүзеге асыру. 

Лексикология ғалымдары: «Әдәб – иесін кінәлайтын нәрселерден сақтайтын қасиет», – деген.   Этикет – үйренген қасиет, өздігінен болатын нәрсе емес, күш-жігермен болады. Сондықтан да хадисте «әдепті аталардан» делінген. Міне, сондықтан да адами русурстың мәдениеті ата-ана институтының ителлектуальдық деңгейіне байланысты болмақ.

Рахматулла Оразұлы,

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру