АДАМДЫ СҮЮ...
06 қыркүйек 2023
2300
0
Оқу режимі
Шайыр Нəжіб Фазыл Кысакүрекке бір шəкірті келіп:
"Ұстаз! Сүюден көңілі қалып, паршаланған жүрек, өзге біреуді қайта сүйе алады ма?" деп сұрайды.
Ұстаз:
"Иə. Сүйе алады" деп жауап береді.
Шəкірті жауапқа қанағаттанбаған кісіше:
"Ұстаз! Сіз парша-парша болып сынған стаканмен су ішіп көрдіңіз бе?" деп сұрайды.
Шайыр:
"Дұрыс айтасың. Алайда сен стакан сынды екен деп су ішуден де бас тартасың ба?" деп жауап берген екен.
Түйін: Қанша жамандық көрсеңіз де адамзатты сүюден еш жалықпаңыз! Күндеріңіз сəтті өтсін!
Бауыржан Алиұлы
Пікірлер
Кіру